Псков жерінде – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Псков жерінде» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2023
Секілденіп Невскийдің қалқаны
Көк ормандар көзді алыстан тартады,
Шіркеулерде әлі күнге сақталған,
Өліктердің сүйегінің сар табы.
Оқтар тескен қарайды тас қамалдар,
Сығалайды содан өткен замандар.
Көз жасындай жерге сіңіп жоқ болған,
Қара түндей тұнжырайды кәрі аңғар.
Жатыр Псков баяғы сол қалпындай,
Ұлы орыстың мәртебелі даңқындай.
Шіркеулердің мұнарасы күн шалған,
Жалтылдайды, жарқырайды алтындай.
Орман, орман айнала көл бар өңір,
Мұнда қайта жалын атқан кәрі өмір.
Жараланған шулайды тек емендер,
Қариялардай күні өткен қам көңіл.
Жолың түсіп бара қалсаң дос егер,
Пушкин жүрген қарсы алады көшелер.
Псков ескі ертегідей көне жер,
Чуд көліндей шежіресін кеше бер.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Псков жерінде өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Псков жерінде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Псков жерінде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Псков жерінде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері