Қиялдадым, армандадым, арыдым – Қасымхан Бегманов

Бұл бетте «Қиялдадым, армандадым, арыдым» атты Қасымхан Бегманов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.09.2021
  • 0
  • 0
  • 940
Қиялдадым, армандадым, арыдым,
Қай қиырда жүр екенсiң жарығым.
Түнiменен қараушы едiм мұңайып,
Терезеңнiң сөнбейтұғын жарығын.
Қай қиырда жүр екенсiң, аппағым,
Жер бетiнен өзге бақыт таппадым.
Жардан құлар қиын сәтте кенеттен,
Елесiңмен мен бейбақты сақтадың.
Қай қиырда жүр екенсiң, ардақтым,
Қаншама жыл өзiмдi-өзiм алдаппын.
Боталатты көздерiмдi көктемдер,
Сыздатқалы жүрегiмдi сартап мұң.
Қай қиырда жүр екенсiң, қымбаттым,
Ұйықтап жатсам түсiмде кеп тiл қаттың.
Үйге сыймай кеткен сәттер тау кезiп,
Жапырақтың, құстың үнiн тыңдаппын.
Мұңым шақтым кiнәсi жоқ бақтарға,
Тиылғалы қос күз өттi хаттар да.
Ерке елесiң маған медеу тiрлiкте,
Суретiң де сақталмапты, сақтарға...
Қажыдым мен, бұл қажуда шырын бар,
О, махаббат жүрегiмдi ал, жырымды ал.
Жалт ете қап, жоқ боп кеткен он сегiз,
Жанарымда тамшы жас боп тұрыңдар,
Сендерге әлi айтылмаған сырым бар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қиялдадым, армандадым, арыдым өлеңінің авторы кім?

Қасымхан Бегманов — осы өлеңнің авторы.

Қиялдадым, армандадым, арыдым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қиялдадым, армандадым, арыдым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қасымхан Бегманов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қиялдадым, армандадым, арыдым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері