Қалпаққа – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Қалпаққа» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.08.2021
  • 0
  • 0
  • 545
Ербиіп, делдиіп тұрасың,
Әйтеуір жүрген соң баста.
Неменең бар айтсаң расын,
Бойында соныңнан басқа?
Ыстықта емессің көлеңке,
Жел керсең қаңбақша ұшасың.
Күз түсіп, қуарса көк ерте,
Аяздан бұрын сен қысасың.
Барламай бойыңды не қылса,
Шаршайсың бос әуре болып құр.
Қалпаққа ғашықтар табылса,
Дүкенде ол «құрымағыр» толып тұр.

1966 жыл.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қалпаққа өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Қалпаққа өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қалпаққа өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қалпаққа өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері