Әсем – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Әсем» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1565
Иығына шәлі салып,
Үлбіретіп лента тағып,
Қуыршағын киіндіріп
Жатыр Әсем үстін қағып:
– Ойнай ғой бар күн шуақта,
Өзің бірақ есте сақта:
Киіміңді ұқыпты ки,
Аунама шаң топыраққа.
Мамасының бал бөбегі,
Машинаға жол береді.
Байқаусызда түсіп қалсаң,
Күл болады дөңгелегі.
Бара ғой, бар бөпенді ал да,
Жел өтінде тұрып қалма.
Салқын тиіп қалса егер,
Доктор тағы келеді онда.
Көрсет дейді тілінді ол,
Тұмауратсаң салады укол,
Тұрғызбайды төсегіңнен,
Өзің айтшы жақсы ма сол.
Деген кезде тауып пайым,
Қалай шыдап отырайын,
Көтеріп ап уыз беттен,
Деп сүйемін тотым-айым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әсем өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Әсем өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әсем өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әсем өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері