Үміт оты – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Үміт оты» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.01.2021
  • 0
  • 0
  • 3551
Талай үрлеп үміт отын жандырдым,
Себебісің жана туған сан жырдың.
Сезімді де, төзімді де көңілдің
Көпірінен жүз өткіздім, жан құрбым.
Соңы боп па бұл өмірде сынақтың!
Өзің үшін, өзім үшін шыдаппын.
Айдындағы ай жолында бал сезім
Дірілдеген толқуы дәл сынаптың.
Бұл өмірден бақытты алмақ сұрап кім,
Күнде думан болмас басы қыраттың...
Жүйрік көңіл жұлдызға ауса айып па?
Пендеміз ғой үміт шексіз, мұрат мың.
Ой толқытса, үңілемін қағазға,
Сезім жүгін арқалаған жан аз ба!
Жарқыратып сабырлының шырағын,
Кешеуілдеп ататұғын таң аз ба!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Үміт оты өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Үміт оты өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Үміт оты өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Үміт оты өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері