Жеңгеме

Бұл бетте «Жеңгеме» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.08.2021
  • 0
  • 0
  • 778
Үмітің үзіліп,
Сен сорлап қалғанда
Қол созымда тұрған
Жете алмай арманға
Тілегің топшыңнан
Қиылып, кесіліп,
Көз жасың қол болып,
Тиылмай талғанда,
Мен жаным езіліп, 
Еңіреп барып ем,
Барынша мұңыңды,
Бөлісіп алып ем,
Қатыгез тағдырға
Наз айтып налып ем,
Ортақ боп қайғыңа
Жанымды қарып ем.
Сен менің дұшпаным
Жасаған қастықты,
Біліп кеп,
Назарыңды әдейі
Бұрып кеп,
Сайқалдана,
Өтірік күліп кеп,
Жез тырнағыңды
Ішіңе бүгіп кеп,
Табалап қас ойлап.
Тұрдың.
Мені жығылды,
Құладыға балап,
Тұрмас боп
Мертіктіге санап,
Көзінде қуаныш масы ойнап,
Тұрдың масайрап.
Сонда таныдым кім екеніңді.
Жат, дұшпан, бөтеніңді.
Тек мен құламадым,
Майрылмас болат
Мәңгі бұла жаным
Биіктеп жүз есе көтерілді.
Солай қателестің, жеңгем!
Мен алты жасымнан бастап
Дұшпаннан келген
Талай керді көргем.
Сен құсап
Биліктіге сүйенбей-ақ
Бәрін де жеңгем.
Сайыс, сен, бойыңа теңмен!
Оңбайды алаяқтарға ерген.
Осындай оңбаған қылықтарың үшін
Күнде көзіңе көрсетіп шұқып тұрып,
Кеудеңе нұқып тұрып
Алла сазанды берген.
Теңсің ғой бүгін қара жермен.
Бірақ сен жоқсың бұған бойлап көрген.
Осылай болады сүмеңдеп
Биліктің соңына ерген.
Беу бейшара сорлы-ай,
Шырағы жана алмай сөнген.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жеңгеме өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Жеңгеме өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жеңгеме өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жеңгеме өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері