Москва туралы жыр – Қалижан Бекхожин

Бұл бетте «Москва туралы жыр» атты Қалижан Бекхожин жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 19.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1628
Сәлем саған, даңқты зор Москва,
Келдім қазақ жерінен, сонау қырдан.
Гүлжазира шалқыған күн астында
Мұнараңа күлімдеп қарап тұрған.
Жүрегіммен сол жердің сағынышын
Алып келдім алыстан арнап саған.
Сенен ой, сенен білім алу үшін,
Шөлдеп келген адамдай жан аңсаған.
Көргенде Кремльді мұнаралы,
Сүйкімді жүрегімді ой билеген.
Білінбей өр кеудемде тулағаны,
Сырласқан сыры терең дүниемен.
Алыбы асқар ойдың сонда жатыр,
Бөленген тас бесікке өзі мәңгі.
Бірақта шамшырақтай жанған ақыл
Күндей боп аралап жүр жер-жаһанды.
Басты иіп сол тәкаппар мұнараға,
Алғыстап ұлы адамға айттық сәлем.
Миллионның толқындаған сол арада
Алшаңдап аяқ басқан біреуі — мен.
Өйткені көп құмартқан көздеріме
Сыйып тұр зор Москва сәулетімен.
Естіген жырлы даңқын кездерімде,
Көруді өмірде бір үміт еткем.
Әкем өткен аңыз ғып Москваны,
Ертегі еткен ертедегі қойшы қазақ.
Шаһардай ескі көне ғасырдағы
Ежелден даладағы даңқы ғажап.
Көне тас Кремльді тұрмын көріп,
Мұнарасы дүниенің тіреуіндей.
Орыстың кеудесінде қамал берік,
Отанның жанып тұрған жүрегіндей.
Көрінеді үйлері кезіме ыстық,
Әкем салып кеткендей арнап маған,
Адамдары өскендей бір туысып,
Я жатырқап, я кім деп таңданбаған.
Бұнда адам толқыны зор теңіздей,
Шалқып жатыр толғандай біздің дала.
Кең пейіл бірақ орыс кеудесіндей,
Сыя берер сансыз жан Москваға.
Айбынды орыс дауыс сонда шыққан
Жар салған жаңа дүние дүбіріндей.
Тіл бар ма осы тілдей дүние ұққан,
Орыстың жүрек бар ма жүрегіндей!
Мейрімді сол жүрек қой мені тартқан
Кең жатқан кеудесімен Кремльдей.
Астанамсың аяңнан бақыт тапқан
Мен де ұлыңмын орыстың біреуіндей.
Көргенмін жоқ көп шулы Лондонды мен,
Тұрмаған шығар мені іздеп ол да.
Мен секілді қоңырлар жүре ме екен
Өз үйіндей еркімен сірә сонда.
Жаңа келіп тұрсам да, туғандай-ақ
Москвада, Кремль бауырында.
Өзімсініп мен тұрмын, тұрғандай - ақ
Нағашымның үйінде, ауылымда.
Балаңдай басымды иіп мейіріміңе,
Жүрегімді алдыңа тостым анық,
Құшағыңда күлімдеп тұрмын міне,
Мен қазақпын, адаммын Москвалық.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Москва туралы жыр өлеңінің авторы кім?

Қалижан Бекхожин — осы өлеңнің авторы.

Москва туралы жыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Москва туралы жыр өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Москва туралы жыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері