Жауапсыз қалса да хаттарым
Бұл бетте «Жауапсыз қалса да хаттарым» атты Анар Шамшадинова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жауапсыз қалса да хаттарым,
Атыңды құрандай жаттадым.
Нұр шашқан жүзіңе ынтығып,
Құмарлық қақпасын аттадым.
Өзіңсіз өмірден жерідім,
Жаныма жоласаң ерідім.
Кәлима қайталай беремін,
Болсаң деп өмірлік серігім.
Жауапсыз тұрса да сұрақтар,
Түрім жоқ сенен еш жырақтар.
Басыма бұйырған бақытсың,
Мейлі сен жүз қызға ұнап қал.
Ерініңнің отымен өртедің,
Сезімнің емес бұл селтеңі.
Өзіңді сүйерім ақиқат,
Ертегі болса да ертеңім.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі