Жағасында теңіздің жылап тұрмын – Анар Шамшадинова

Бұл бетте «Жағасында теңіздің жылап тұрмын» атты Анар Шамшадинова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2316
Жағасында теңіздің жылап тұрмын,
Қиылмаған некесі қалындықтай.
Көзден шаттық бұл күнде жырақ сырғып,
Би билеп жүр толқындар халімді ұқпай.
Сұқтанады сыртымнан серілер мың,
Сырын оның уақыт сараптасын.
Сені сүйіп сезімге берілемін,
Алла баста адам ғып жаратқасын.
Сені қалай ұмытам құшып-болып,
Ынтық сәттер көлбеңдеп сұр елестей.
Жем іздейді шағала ұшып-қонып,
Менің мұңым ол үшін дым еместей.
Сол жағаға тағы да келіп тұрмын,
Бір сапарға шыға алмай кемелермен.
Шабытымды сағымдар еліктірді,
Жыр оқиын деп едім сенер елге.
Сағынышым жанарда бұлақтар боп,
Балбыраған бақыттан күй есімде...
Сені аңсаған көңілде сұрақтар көп,
Қайда жүрсің?
Сен мені сүйесің бе?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жағасында теңіздің жылап тұрмын өлеңінің авторы кім?

Анар Шамшадинова — осы өлеңнің авторы.

Жағасында теңіздің жылап тұрмын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жағасында теңіздің жылап тұрмын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Анар Шамшадинова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жағасында теңіздің жылап тұрмын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері