Тұрарсың маздап жанып мәңгі сөнбей

Бұл бетте «Тұрарсың маздап жанып мәңгі сөнбей» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.08.2021
  • 0
  • 0
  • 577
Тақ жұлдыз талайы асқан Сәкен аға,
Халқының бақыты боп туған дана.
Ісімен, өнерімен, тұлғасымен
Ел қазақ арасында тұрған дара.
Армандап аз жұртының азаттығын,
Арысым, кешкен бастан азапты күн.
«Азамат тізе қос» деп ұрандаған.
Үніңнің сазын сезем ғажап бүгін.
Еменім иілмеген, майыспаған,
Жалаңаш қолыменен жай ұстаған.
От берген өзегінен Прометейім,
Жоныңнан ет кессе де қайыспаған.
Өткеріп «тар жол, тайғақ кешулерді»
Өзгемен терезе тең етуге елді
Күресің, сонау азап вагоны да
Боздағым, ұмытылмайды, есіңде елдің.
Қуанған шыққанында жаңарып күн
Жаршысы жаңа елдің бар жаңалықтың
Жүйткітіп шығып алға экспресспен
Көрсеттің сан үлгісін даналықтың.
Шын айттың сыр сандықты ашып қойып
Ақырын сым пернені басып қойып.
Сырласып «қызыл атпен» қиналсаң да
Көрмедің пәнда болып жасып, мойып.
«Бір сырлы, сегіз қырлы» қыраным-ай,
Ардағы елдің ерке бұланым-ай!
Тақ біткен маңдайыма темір қазық
Ырысым, құт-береке бұлағындай.
Арманың ғасыл, елің азат бүгін
Атынды зердесіне жазады бүгін
Атанып Сәкен елі мерейі асып
Әйгілі күллі әлемге қазақ бүгін.
Туар ма едім енді ұлды сендей
Өнері, өнегесі бітпес кеңдей.
Алдында өсер ұрпақ жарық жұлдыз
Тұрарсың маздап жанып мәңгі сөнбей.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тұрарсың маздап жанып мәңгі сөнбей өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Тұрарсың маздап жанып мәңгі сөнбей өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тұрарсың маздап жанып мәңгі сөнбей өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тұрарсың маздап жанып мәңгі сөнбей өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері