Эстондықтар – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Эстондықтар» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.08.2021
  • 0
  • 0
  • 749
1
Жасыл алқап, жаңбырлы Эстония,
Жалаң аяқ жүгіріп өскен ұя
Болмасаң да,
баурады бір жылы леп,
Атой сала бермейтін сөзге сия.
Қадір де оны, құрмет де, білсін еркің,
Кешір, атай алмаймын жүрек өртін.
Сыйласқанға сый аз ба,
пейіл аз ба?
Сол сезімді тудырған өзім дерсің.
Қойы жатқан қоралас
көрші емессің,
Қонақ кәде, құдалық көріп ешкім
Әзір біле қоймаған
жырақ жұртсың,
Бауырластай достықты тілемес кім!
Аз отырып, қонақпыз көп сынайтын,
Байқағымыз келеді көпке ұнайтын,
Даралығын жұртыңның
елдік сырын,
Танығымыз келеді достықты айқын.
2
Өз ісімен ғана боп әрбір адам,
Даурықпайтын шашылып, сөзге сараң.
Қасиетін халқыңның
қанағатшыл
Мен ғана емес,
таныған бүкіл ғалам.
Таңқалдырды ғажайып еңбекқорлық
Тасты өлкені жайқалтқан
жасыл жон қып.
Қажыр-қайрат,
ұстамды,
төзімділік
Мол-ақ екен,
көрмеген жанды қор қып.
Дастарқан жоқ майысқан ысырап боп,
Бар мәзірі алдында, қонағы тоқ.
Ac үстінде алаулап жиылыс ашу,
Күлдір-күлдір бокалдар сайысы жоқ.
Қалай ғана болмассың бұған тәнті,
Мирас еткен ұрпаққа елдің салты.
Аз сөйлеп,
іс тындырып,
анық басып,
Үйреніпті ежелден эстон халқы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Эстондықтар өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Эстондықтар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Эстондықтар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Эстондықтар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері