Ұжмақ коғам болғаны жоқ, болмайды – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Ұжмақ коғам болғаны жоқ, болмайды» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 679
Ұжмақ коғам болғаны жоқ, болмайды,
Өмір — күрес, кемшіні әсте толмайды.
Бес қоғамды түгел зерттеп салыстыр,
Адам үшін қайсысы екен оңтайлы.
Бәрінде де еңбек озық тұрады,
Адам айла, түрлі тәсіл құрады.
Өз жайына риза пенде болмайды
Мол отырып, баюға бой ұрады.
Баю үшін түрлі тәсіл құрады,
Көңіл баурар биік тұрады ұраны.
Бай-кедейге бөліп тастап коғамды
Сел боп тасиды саясаттың бұлағы.
Байығандар кедейлерді жалдайды.
Көп енбекке аз төлеп мол қармайды.
Суырылып шығып, билік құрып пысықтар
Айла асырып саясат деп сарнайды.

18.05.2001 жыл.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұжмақ коғам болғаны жоқ, болмайды өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Ұжмақ коғам болғаны жоқ, болмайды өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұжмақ коғам болғаны жоқ, болмайды өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұжмақ коғам болғаны жоқ, болмайды өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері