Тоғысу – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Тоғысу» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.08.2021
  • 0
  • 0
  • 628
Тереземнің дәл түбінен
Тулап теңіз тыншымайды.
Жаның толқып көрген болса,
Түсінші дос, білші жайды.
Түсінші дос, білші жайды,
Жан толқыса кім шыдайды?
Алтын оқа ай жолы онда,
Жүрегімді шымшылайды.
Жүрегімді шымшылайды,
Көк теңіздің күрсінгені.
Айықпас бір дертті жандай,
Күрсінгенде құр сүлдері.
Күрсінгенде құр сүлдері,
Сен айтқалы тұрсың нені? –
Деме достым, түсін дәйім,
Күлгенді емес, күрсінгенді.
Әлде Кавказ қарлы шыңы
Көк теңіздің аңсағаны.
Теңіз еткен ақын жанын –
Жүрек емі, жан самалы.
Дөңбекшиді теңіз аунап
Тереземнің дәл түбінен.
Мен тоғысып бара жатам
Кейін қалған тәтті күнмен.
Кейін қалған тәтті күндер,
Тәтті күндер шақырады.
Бірге толқып теңізбенен
Ақын да таң атырады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тоғысу өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Тоғысу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тоғысу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тоғысу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері