Мылжың

Бұл бетте «Мылжың» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3159
— Аяғыма ат тепкен,
Дәрі алмақ ем әптектен.
Айтшы, балам, ол қайда?
Жақын ба?
Әлде шалғай ма?
— Ат тепті ме?
Әттеген!..
Сонау бір үй әктеген —
Жарық жылы баспана,
Ол бірақта асхана!
Содан соңғы ұзын үй,
Ғалмат үй, қызық үй.
Сылағы тұр қолдырап,
Мектебіміз ол бірақ.
Содан соңғы ағаш үй,
Әдемі үй, тамаша үй.
Ол кәдімгі почта,
Біз тұрамыз сол тұста.
— Балам, көп сөз боп кетті
Көрсетсеңші әптекті?!
— Әптекті ме?
Әптекті
Басқа жаққа ап кетті!
— Қайда жаңа қонысы?
— Біле алмадым онысын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мылжың өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Мылжың өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мылжың өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мылжың өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері