Кетті өмірім сұрықсыз күреңденіп – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Кетті өмірім сұрықсыз күреңденіп» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өмір туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 21.02.2021
  • 0
  • 0
  • 915
Кетті өмірім сұрықсыз күреңденіп,
... Кенеуі жоқ тірлікке ірең беріп.
Мұқағалиды ауыртқан сол бір келіншек,
Меніменен бүгінде жүр емделіп.
Ойға ой қосып, аздай-ақ еселеді,
Уайымға батырдың.
Не себебі?
Қазағымның қызысың бидай өңді,
Көрінесің сұлу да көшебелі.
Қалдым бүгін көтеріп, еңсемді ептеп,
Көрдім-дағы нәр алдым: сенсең – көктеп.
Дертті жүрек тулайды алып-ұшып,
Кездейсоқта өзіңе келсем беттеп.
Теткіп ұстап бойыңды.
Ындынымды,
Құлаттың ғой,
Ақтарттың шындығымды.
Көкіректің онсыз да кеселі бар,
Айтқанменен, ұғынар кім мұңымды?
Айта алмаспын ештеме, түк те өтініп,
Кәусар сезім кеудемде бітпе тұнық.
... Менен бұрын сол келіншек шығып кетіп,
Төсегімде қап қойдым бүктетіліп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кетті өмірім сұрықсыз күреңденіп өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Кетті өмірім сұрықсыз күреңденіп өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кетті өмірім сұрықсыз күреңденіп өлеңі не туралы?

Бұл шығарма өмір туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Кетті өмірім сұрықсыз күреңденіп өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері