Сабаңа түс – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Сабаңа түс» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 868
Ұлы сезім! әлемге тараған іс,
Жан атаулы хош көріп қалаған іс.
Алла өзі жаратып, бойыңа егіп,
Табиғатын осы деп қараған іс.
Табиғи іс ендеше ол Ұлы бақыт,
Адам ба екен көрмеген оны татып,
Өзі қалап құмартып жан жүрегің,
Құптап тұрса тұла бой кіл ұнатып. 
Ғалам толы махаббат — ұлы сезім,
Алдырмаған бар ма екен оған өзін!
Бар қалпыңды бұрылтпай баурап алса,
Кім таба алар бойынан тахат, төзім.
О, ағайын ендеше кінәләма,
Сүймеу күнә, ұмтылмау тірі адамға.
Көрсеқызарлық қана жараспайды,
Айнымаудың несі мін ұнағанға.
Болады тек лайығы жарасымы,
Құлай сүйер әркімнің жан ғашығы,
Ол да іркілмей табылса шын ойыннан,
Сол ғой мынау дүниенің ұнасымы.
Мұндай сезім — адамға ұлы бақыт,
Қалағаныңды құшу жан ұнатып,
Тежейді тек келгені, ойлантады
Түс ауғанда күн қайтып бара жатып.
Ұлы сезім, алқынба, сабаңа түс,
Есті кісі өткерер саралап іс.
Күні еңкейіп, марқайып, күш қайтқанда,
Ғасыл бола бермейді қалаған іс.
Кешір, сөкпе, сен дағы ұлы сезім,
Саған еріп ес шығар емес кезім.
«Үкіміңе әркім құл» депті Пушкин,
Мен күл болмай көрейін тауып төзім.
Кей қылықтан болып көңілің алаң,
Әрқайсысын саралап бойлап санаң...
Ынтықтардың отынан деп ойлайсың,
Жанып кетпей қалай тұр мынау ғалам!

02.08.2000 жыя.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сабаңа түс өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Сабаңа түс өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сабаңа түс өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сабаңа түс өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері