Ақын болып не керек – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Ақын болып не керек» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 662
Ақын болып не керек,
Аузың уәлі болмаса.
Айтқаныңа ел ұйып,
Көкірегіне сөзің қонбаса.
Ақын сонда ғана ақын
Кешегі Асан, Бұқардай
Ел қамын еңіреп толғаса.
Жүрек сөзін тебірене
Ұрпағына жолдаса,
Елі боп оны түсініп,
Елбасы болып қолдаса.
Еңсесін халқы көтеріп,
Елдік қамын қамдаса.
Жұдырық болып жұмылып,
Бірін-бірі қолдаса
Айтқанынан ауытқып,
Айнығандар болмаса.
Береке-бірлігін құптап,
Тәңірі ісін оңдаса.
Тағылым алар талайлар
Ұлағатты ұлы сөз
Болашаққа жолдаса
Ақын сонда шын сорлы
Мұның бірі болмаса,
Сөзін танып, қаперге ап
Ілтипат қылар зейінді
Ұрпағы болмай сорласа.

06.08.1998 жыл.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақын болып не керек өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Ақын болып не керек өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақын болып не керек өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ақын болып не керек өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері