Шәкірт толғанысы

Бұл бетте «Шәкірт толғанысы» атты Ғабиден Қожахмет жазған өмір туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 13.05.2016
  • 0
  • 0
  • 7649
Күні кеше мұның бәрі есімде,
Еркелей кеп туған жердің төсінде
Алғаш рет аштым мектеп есігін -
Қазыналы мол білімнің бесігін.

Оны ойласам, кеуде жайлап кетеді өрт,
Білім-нұрға басқам қадам төтелеп.
Отырғызды партаң мынау сенің деп,
Алғашқы ұстаз өзі әкеп жетелеп.

Мен осылай білім нәрін теріппін,
Болмаса ұстаз, оны қайдан көріппін.
Сол үйретті, сырын білдім өмірде
"Әліппедегі" қырық екі әріптің.

Достар таптым мен бұл жерде жаңаша,
Ойын салдым үзілісте жараса.
Еске түссе, көңіл бір сәт толқиды,
Бала кезгі өмір әр кез тамаша!

Жылжып жылдар бір орында тұрмады,
Бала шақты уақыт кеп ұрлады.
Кеше бала, бүгін түлек болыппыз,
Жас түлектің жаңғырықты қырда әні.

Айтшы, достым, мұның енді несі мұң,
Тербеткенбіз мол білімнің бесігін.
Есейтіпті әлдиімен уақыт,
Кез келіпті жабар мектеп есігін.

Ұстаздармен қоштасар сәт келіпті,
Болашағың болсын дейді көрікті.
Міне, есейдің, өз жолыңды тапқын деп
Әз-ұямыз ақ батасын беріпті.

Қақ қанатты, іркілме енді, қомда да
Дейді бізге жатыр алда жол дара.
Мұның өзі айтуға тек жеңіл-ақ,
Мектебіңді қия алмайсың сонда да.

Қия алмайсың бала кезгі көктемді,
Қия алмайсың жылы шуақ өткенді.
Бір-ақ сәтте ер жеткізіп есейткен
Уақытқа арта алмайсың өкпеңді.

Мұндай сәтте қиын көз жас төгілмеу,
Мұндай сәтте қиын екен егілмеу.
Достар, қане, бірге қанат қағалық,
Қатар ұшсақ болар, бәлкім, жеңілдеу.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шәкірт толғанысы өлеңінің авторы кім?

Ғабиден Қожахмет — осы өлеңнің авторы.

Шәкірт толғанысы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шәкірт толғанысы өлеңі не туралы?

Бұл шығарма өмір туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Шәкірт толғанысы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері