Шәкірт – Ғабиден Қожахмет

Бұл бетте «Шәкірт» атты Ғабиден Қожахмет жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 30.12.2015
  • 0
  • 1
  • 14853
Мінезін түгел аштырған,
Күлсе де шыншыл күледі.
Лүпілдеп алға бастырған -
Білім ал дейді жүрегі.

Шәкірт-жыл біткен бағына,
Сезеді мұның өтерін.
Біледі олар тағы да
Білімнің қымбат екенін.

Достары жанында, бірігіп
Өмірге тұлпар баптады.
Ұстазы үшін - ұлы үміт,
Ата-ана үшін - мақтаны.

Ұшқанда қиял таңына
Адам боп шықсын ең кемі.
Маман боп олар тағы да
Болады елдің ертеңі!


Пікірлер (1)

Мерей

Рахмет өте күшті

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шәкірт өлеңінің авторы кім?

Ғабиден Қожахмет — осы өлеңнің авторы.

Шәкірт өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шәкірт өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғабиден Қожахмет өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шәкірт өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері