Ақын үні
- 0
- 0
Мен өзіңнің кішкентай лағың едім,
Асыл әже, басыңа тағы келдім.
От кеудемде ұлы арман бұлқынады,
Ақтасам деп үмітін қалың елдің.
Бұл бетте «"Ақжайықтың аққуы"» атты Ақерке Жақсыбергенова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Кел, кел бермен гүлдеген жалғыз дәнім,
Мен бесіктен үйреткем Абыз әнін.
Бабалардың ақ жолын кие тұтып,
Биіктерге самғар - деп, нағыз дарын.
Ой сананы кейде тоқтық басқандай,
Өздеріңді сәл ұмытсам еске алмай.
Әруақтар алдында бұл күнә деп,
Бабаларым айхай салып ұрсардай.
Бостандық пен Туысқандық, Теңдік деп,
Адамзаттың ойын жырмен өрнектеп.
Асқар тауым тірек болдың еліңе,
Зар заманда қу түнектен жетектеп!
Ана тілім өлмеуі үшін қансырап,
От жаныңды мазалаумен сан сұрақ.
Қамын ойлап түнек басқан халқымның,
Көзін ашып, бола білдің шамшырақ.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі