Қала жұртын әдет бар – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Қала жұртын әдет бар» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.08.2021
  • 0
  • 0
  • 603
Қала жұртын әдет бар
Қат дер таза ауаға.
Қолдан келген ертелеп
Шығады сол дауаға.
Сондай бір күн аланда
Ауа жұтып қоймадым,
Көп нәрсеге куә боп,
Ит туралы ойладым.
Ит дегенің ит қой,
Жаралған қора бағуға
Бөтен сыбыс естілсе,
Абалап дабыл қағуға.
Қайсыбірі сол үшін
Аталатын сақ құлақ.
Күндіз ұйықтап, түнімен
Жүгірген соң шапқылап.
Иттің орны ол күнде
Үй іргесі, қора еді.
Бүгінгі кей иттердің
Ырысы қандай мол еді.
Таңқалдырып тағдыры
Өзгеріпті, оңыпты.
Адамдармен бір тұрып,
Бірге ішетін болыпты.
Албыр-жалбыр сабалақ
Күміс қарғы киіпті.
Баламыз баспас гүл алаң
...ретхана болып тиіпті.
Ол да ауаға шығыпты,
Гүлзарда жүр тайраңдап.
Бақшаға қарай балалар
Томпаңдайды қайран қап.
Баз біреуге шәуілдеп,
Баз біреуге абалап,
Жүгіреді сабалақ
Тірсегіңді сағалап.
Зекіп қалсақ иесі
Баласындай қорғаштап...
Әуектейді аймалап,
Аларады ойқастап,
Көңіл бұрар ой тастап.
Енді бір топ бұралқы ит
Жүр көшеде зыр қағып.
Несібесін бұйырған
Одан-бұдан бір қағып.
Тойғанынан еліріп,
Үрмейді олар абалап.
Телміреді жаутаңдап
Кафелерді жағалап.
Көріп оқшау туады ой,
Пай, не қылған тағдыр зор!
Ит үлесі бұл болса,
Әділетті тауып көр!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қала жұртын әдет бар өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Қала жұртын әдет бар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қала жұртын әдет бар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қала жұртын әдет бар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері