Апама – Айнұр Төлеу

Бұл бетте «Апама» атты Айнұр Төлеу жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.09.2020
  • 0
  • 0
  • 3754
Ойға шомып отырмысың тағы да,
Перзентімнің құс қонсын деп бағына.
Сендей етіп ешкім бақыт орнатпас,
Гүлді кент пен патшалардың тағы да!
Жаулығың ғой – жақсылықтың жалауы,
Мейірім ғой жүрегімнің қалауы.
Жамалыңда жарты әлемнің назы бар,
Жанарымда жаңа өмірдің алауы.
Сарқылмашы, менің мөлдір бұлағым,
Шөліркетпес ешкім жасыл құрағын.
Бұлағыма жетсе екен деп бұл әнім,
Тәңірімнен таң сәріден сұрадым!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері