Әселге сыр
Бұл бетте «Әселге сыр» атты Айнұр Төлеу жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сіңілім, қалың қалай?
Жүрмісің әкпеңді еш уайымдамай?
Жан төзгісіз мұңымды тұншықтырып,
Мен де жүрмін байқатпай жайымды оңай...
Ал, сенің қалың қалай?
Атанам деп ары бар,
Текті келін.
Мінезімді тым асау тепкіледім.
Жаулығымды бір сәтте суландырып,
Кірпік қақпай, күлкімен кептіремін.
Бақыттың жоғы қандай, бары қайсы?
Сен мені қазір көрсең, танымайсың?
Адамдаймын арманы аласарған,
Болмысына өзінің жаны қайшы!
Мендегі күй осындай...
Түріктің киносындай.
Сен ұйықтап жатырмысың?
Сырласып тұрайықшы жиі осылай?
- Аймақ Әбілда
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі