Ей, жас жігіт

Бұл бетте «Ей, жас жігіт» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.05.2019
  • 1
  • 3
  • 87086
Ей, жас жігіт,
Көпті көрген бізге сен
Қателестің — жалғыз бақыт қыз десең.
Сүймеді ме?
Бір-ақ сілте қолыңды,
Сүйетіні табылады іздесең!
Өлең— менің үйреншікті азабым.
Не істесем де түсінеді қазағым.
Бір жырымды жыртып тастай беремін,
Керек болса екіншісін жазамын.
Көңіл шіркін қысылмасын,
Саспасын!
Қартайғам жоқ,
Менің әлі жас басым.
Жиналысты тастап кете беремін,
Керек болса тауып алам басқасын.
Думаншыл жан емеспін мен,
Қарағым,
Ұнамайды маған шарап,
Арағың.
Той үстінен кетіп қала беремін,
Керек болса басқасына барамын.
Адам деген,
Ақын деген, бар атым.
Мазалайды бірақ қайғы — қара түн.
Өмірден де кеткім кейде келеді.
Кетер едім,
Басқа өмір жоқ баратын!


Пікірлер (3)

Бекзат

Қадыр Мырза Әлинің Ей, жас жігіт өлеңі ұнады

Logically Pedagogy

Ең керемет мен оқыған өлеңдердің бірі. Қысқа әрі нақты. Қазіргі кезде бұндай сапалы шығармалар өте аз

Зарина

«Ей, жас жігіт» — Қадыр Мырза Әли шығармашылығындағы әсерлі лирикалық өлең. Бұл туындыда автор жас жігітке бағытталған ақыл‑кеңес пен өмірлік тәжірибені шынайы әрі ашық жеткізеді, сүйіспеншілік пен өмірдегі қиындықтарды жеңудің жолдарын терең толғаныс арқылы сипаттайды. Өлеңнің тілі қарапайым әрі түсінікті, ойын шынайы сезімділікпен жеткізе отырып, оқырманға өз өмірлік таңдауларын ойлануға мүмкіндік береді. Мұндай поэзиялық шығармалар қазақ әдебиетінде жеке тұлғаның ішкі сезімдері мен рухани ізденістерін көрсететін маңызды мысалдардың бірі болып табылады.

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ей, жас жігіт өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Ей, жас жігіт өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ей, жас жігіт өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ей, жас жігіт өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері