Шың мен адам – Жұмағали Саин

Бұл бетте «Шың мен адам» атты Жұмағали Саин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.07.2018
  • 0
  • 0
  • 2123
Тоғайда шың, тау да шың
Жаңғырады күндіз, түн...
Тоқтамайды, тынбайды,
Тек сол әнмен жырлайды.
— Жаңғырады неге шын?
Басылмайды неге ың-жың?
— Адам келді, жол салды,
Биік шыңға қол салды.
Кет жолымнан, кет деді,
Шыңдар жолдан кетпеді.
Ашуланды, жайпады,
Құзды ағаштай шайқады.
Бір динамит байлады.
Атар көзін сайлады,
Құз, шыңдарға болды сын,
Тау жаңғырды күндіз, түн...
Бұйырды адам, шың кетті,
Тауды тесті, жол жетті.
Шыңдар шуы басылды,
Адам күшін асырды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шың мен адам өлеңінің авторы кім?

Жұмағали Саин — осы өлеңнің авторы.

Шың мен адам өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шың мен адам өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмағали Саин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шың мен адам өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері