Дарқандық тойы – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Дарқандық тойы» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.08.2021
  • 0
  • 0
  • 564
Оралды наурыз араңа
Жақсылық басы сана да,
Мәнісін, жұртым, сарала,
Қосылар көп нәр санаңа.
Тілектер игі тілейтін,
Наурыз — нұрлы жыл басы.
Тазарып жаның түлейтін,
Дарқандық дәстүр жалғасы.
Береке-бірлік, достыққа
Мереке наурыз үндейді.
Ынтымақ сен де қос, құпта,
Өзгеріп өмір гүлдейді.
Қайырым, ізгі мейірім
Әмісе тізе бүкпесін.
Кеңейтіп адам пейілін
Көңіліне қынжыл іркпесін.
Балауса көктем бұралып,
Жаудырап наурыз тұр тұнып.
Жаңадан жаның нұр алып
Жасара берсін құлпырып.
Бақ-талай, жұртым, тілеймін,
Наурызға наурыз ұлассын.
Ұрпағың өсіп,мерейің
Тасытып, биік шың ассын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дарқандық тойы өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Дарқандық тойы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дарқандық тойы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Дарқандық тойы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері