Автографтар – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Автографтар» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.08.2021
  • 0
  • 0
  • 515
АЙПАРАҒА

Автограф не?
білмейтін Айпарашсың
Бақыт есік Айпарашқа
айқара ашсын!
Төрт жастағы Айпараш
тез ержетіп,
Ұлы әжесінше атағы
айдан ассын.
Ел тобықты анасы —
Айпара ана
Сен дәстүрін анаңның айналаңа
Даналығын жарасат, өнегесін
Үлгі етіп ек өсермен әр санаға.
Бата берген мен де әжең Тұрсынханмын,
Өкілімін асқақ ән, жыр сұлтанның.
Арғымақ жыр саған да тоссын иық,
Ақ сәулесі алдыңнан тусын таңның.

17.06.2003 жыл. Емханада.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Автографтар өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Автографтар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Автографтар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Автографтар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері