Мұрат – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Мұрат» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.08.2021
  • 0
  • 0
  • 852
Халық артисі Мұрат Мұсабаевтың рухына

Халқымның мақтанышы едің, Мұрат,
Сүйікті ең өнеріңмен көпке ұнап.
Дегеннің он қолы өнер нағыз өзі,
Сен едің жапырақ жайған көкше құрақ.
Ұлы Абай, ер Алпамыс, батыр Тарғын,
Тұлғасын сомдадың сен, өңшең нардың.
Тамсана таңдай қағып тыңдаушы еді,
Нұрлана алау қаққан жүздер жарқын.
Жан едің алуан өнер тілін білген
Айшықтап ағаштан да түйін түйген.
Тістегіш электрді бағындырып,
Тетіктеп көк темірден тұлпар мінген.
Ақ көңіл парасатты кішіпейіл,
Үлкенге кішіге де беріп бейіл.
Жүретін жарқын жүзбен жанашыр боп,
Жан едің жаның тұнып тұрған мейір
Арман-ау, арман ерте көз жұмғаның
Бірі едің ел мерейі зор тұлғаның
Не қайран тура келген сұм ажалға,
Дейміз де жанатта тек болсын жаның.
Қазақтың өнеріне күн сәулесін,
Түсіріп жолыңды ұстап жүр Зәурешің.
Шәгім жоқ. Мұсабаевтар әулеті,
Өнерде боларына тұрлаулы есім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мұрат өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Мұрат өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мұрат өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мұрат өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері