Ақ періштелерім – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Ақ періштелерім» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.08.2021
  • 0
  • 0
  • 916
Ұстаған биік
адамшылықты, парызды
Ақ халатты періштелерім,
жүрегі дарқан, жаны ізгі.
Мерейлі мынау
күніңмен жарқын құттықтап,
Өтесем болар
мойнымдағы үлкен қарызды.
Ажалмен айқас,
ылғи бір күрес маңайың,
Тамаша жандар,
жоғары болсын талайың.
Жан қысылғанда
алғашқы түсер ауызға,
Ана тәрізді
ұсынар өмір арайын.
Айқассаң ажал қаймығар
алып жүректім,
Қаншаны шипа қолыңмен
қайта түлеттің.
Күрсініп барған,
күліп қайтатын алдынан
Жолыңа жарқын
жырымнан тізіп гүл ектім.
Ғажапсың бәрің
даралап, бөліп не дейін
Аяулыларым деп
алғысқа ғана бөлейін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақ періштелерім өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Ақ періштелерім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақ періштелерім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақ періштелерім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері