Көзді тартқан көрікті – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Көзді тартқан көрікті» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.07.2021
  • 0
  • 0
  • 689
Көзді тартқан көрікті
Көңілді тарта бере ме?
Әдемі емес ай десең,
Ауған көңіл көне ме?
Қош көрген, сірә, қоласын,
Алтыныңа бере ме?
Қияпас, қыңыр қызғаныш
Айтшы сонда немене?


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері