Бұл бетте «Есіңнен мүлде шығар» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тағы да қарбаласпын деші маған,
Қарбалас тірлік болса несі жаман?
Мен сені жадымнан еш шығарғам жоқ,
Қарбалас кезімде де есіме алам.
Таппадым сағыныштың бір күн емін,
Сені ойлап бірде жылап, бір күлемін.
Зымыраған көлікпен бара жатқан,
Жанды саған ұқсатып үлгеремін.
Көңіл неткен аңқау ед, босқа сенбек,
Тіледім тек жақсылық тосса екен деп,
Ұзын сонар кезекте тұрғанда да,
Қарап қоям сен келген жоқ па екен деп.
Мағжан айтқан мына өмір түрме шығар,
Ауасымен түрменің үндесіп ал,
Ұмытсаң сен қарбалас кезде мені,
Хабарласпа есіңнен мүлде шығар!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі