Бұл бетте «Қызыл жапырақ» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көшіп жатыр бір дәурен,өтіп жатыр басымнан.
Сыңғырлатып керуенін ұзап барад қасымнан.
Күз дегенің не тәйір,
Қоштастым ғой сізбен де.
Көкірегіне бір түйір қызыл жапырақ жасырған.
Әбілхаят-сөзіңіз, шырайыма сән берген,
Кезді ұмыту тым қиын,сол сезіммен тербелген.
Кетерімді ескертіп,Ай айтқанда бір хабар,
Елестейді бейнеңіз , мұңға батып, сенделген.
Қоштаспаңыз ешкіммен, келген кезде тағы күз.
Балқарағай мезгілдің шемішкесін шағыңыз.
Сәл жымиып еске алып,естемесін өткеннің,
Сарғаймасын бір түйір қызыл жапырағыңыз...
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі