Білдім ақыр меннен бетер сағынады екенсің –
Мағиза Құнапияқызы
Бұл бетте «Білдім ақыр меннен бетер сағынады екенсің» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Білдім ақыр меннен бетер сағынады екенсің,
Бітпейтұғын өкініштің қыр соңынан кетерсің.
Жүрегіңді сонау жылдар кетіп едім жыраққа ап,
Мені ойламай үйіңнен де шыға алмассың бір аттап.
Үйдегі жан ұмыттыра алмағаны белгілі,
Ұмыттырар біреуді іздеу алданышың ендігі.
Сызып таста ойыңнан да, сызып таста өлеңнен,
Жүрегіңнің бұрышында бірге жасап келем мен.
Сезімдегі сәтсіздікті таразылап білсін кім,
Бақытсыздау жайыңды ойлап теңіз болып күрсіндім…
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі