Қыз күбірі – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Қыз күбірі» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 732
Бір сұлуды құшқың келіп достарыңмен ішкенде,
Талғамыңнан айырылып шарап буға түскенде.
Біреуінің саусағынан, біреуінің белінен…
Келгендей-ақ сөз бастарсың ғашықтардың елінен.

Бір биікке мені қойып алғаннан соң жүрегің,
Ешқайсысы ұмыттыра алмайтынын білемін…

Түнде ештеңе болмағандай, тағы шарап ішесің,
Бітпейтұғын сағыныштың сүрлеуіне түсесің.
Аялдайтын не қалды енді, кете берем биіктеп,
Әрбір тұстан көздеріңе көрінемін күйік боп.
Жеткізбейтін жерде емессің, болмайды екем мен де алаң,
Алқам-салқам күйі бір күн жолығарсың сен маған…


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері