Ұзақ ғұмыр дегенің – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Ұзақ ғұмыр дегенің» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өмір туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 760
Ұзақ ғұмыр дегенің
Япыр-ай қалай қысқа еді.
Көрінетін ұзақ боп
Тәтті ұйқыдағы түс тегі.
Нарық атты заманда
Қылмыстан тұрады іс тегі.
Адамды ардан аздырып,
Азап пен сорды үстеді.
Ұлығы ұры, басшысы,
Аспаннан жерге түспеді...
Өзі қысқа өмірді
Қысқарта түсіп күштеді...
Киімің бар, тамағың тоқ,
Ал жанында бір тыным жоқ.
Басың аман, бауырың бүтін,
Неге сонша уайым көп.
Айналаңның бәрі үрей
Күннен-күнге барады үдей
Жалмауыздай жақындаған,
Жалмап келеді қандай дүлей.
Нарық-баға бәсекесі,
Өмір-өлім әр егесі.
Жеңілгеннің құлап туы
Керілмейді керегесі.
Күнде аспанға ұшқан баға,
Алар емес тұрақ таба
Түпсіз теңіз жұтып барады
Көрінер ме шығар жаға.
Уайымның басы осы
Не болар деп жастар қосы.
Болашақтан күдер үзбе,
Туар да бір адам досы!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұзақ ғұмыр дегенің өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Ұзақ ғұмыр дегенің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұзақ ғұмыр дегенің өлеңі не туралы?

Бұл шығарма өмір туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ұзақ ғұмыр дегенің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері