Көрер мұны жан болса егер аңғарар – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Көрер мұны жан болса егер аңғарар» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.06.2022
  • 0
  • 0
  • 838
Көрер мұны жан болса егер аңғарар.
Аңғарар да өз-өзiнен таң қалар.
Көбейiп-ақ кетiптi ғой, апыр-ай,
Алматыда сауысқан мен қарғалар.
Сезесiң сен сорым ба бұл, бағым ба.
(қауiп iздеп бұл сөзiмнен жаңылма).
Қараңдаршы! –
сауысқан мен қарғалар
қаптап ұшып жүр ғой бау мен бағымда.
Қондырғандай басына кеп бақ күнiн,
жеткен-сынды мерейiне тап бүгiн.
Қара қарға жүре алмайды мамырлап,
ал сауысқан ұмытқан бар сақтығын.
Соны көрiп –
көңiлiм пәс, мұңдымын,
соны көрiп –
желге ұшады түндiгiм...
Қайда кеткен торғайым мен шымшығым?!
Қайда кеткен сандуғашым, бұлбұлым?!
Мұның өзi, құдайым-ау, жай ма деп,
жай емес бұл елекке сал, ойла деп
iздеймiн мен торғай менен шымшықты,
сандуғаш пен бұлбұлымды қайда деп?
Құйынданып суынамын бiр демде!
күйiп-жанып, суынамын бiр демде, –
ту сыртымнан қарға бiткен қарқылдап,
сауысқандар шықылықтап күлгенде!
Көрер мұны жан болса егер аңғарар.
Аңғарар да өз-өзiнен таң қалар.
Көбейiп-ақ кетiптi ғой, апыр-ай,
Алматыда сауысқан мен қарғалар.
Өзiме өзiм жасыма! деп, жасыма!
отырғанда
ұшып келiп қасыма
сауысқаны шоқып жанды жарамды,
ал қарғасы саңғып кеттi басыма!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көрер мұны жан болса егер аңғарар өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Көрер мұны жан болса егер аңғарар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көрер мұны жан болса егер аңғарар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көрер мұны жан болса егер аңғарар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері