Балалар бақшасында

Бұл бетте «Балалар бақшасында» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 595
Бұған келсең – шын бақытты сезер ең,
сезер ең де жаман ойдан безер ең.
Шулап жатқан балалардың бақшасы
ғажап әлем,
базар әлем,
мәз әлем.
Осында ғой дүниенiң ұраны,
осында ғой дүниенiң жыр-әнi.
Осында ғой дүниенiң тәттiсi,
осында ғой дүниенiң жұмағы.
Қозғайтұғын тұңғиығын тереңнiң
әр бiр үнi – әр бiр жолы өлеңнiң...
Томпаң қағып, әлдене айтып былдырлап
тiлi шығып келе жатқан әлем бұл,
тiсi шығып келе жатқан әлем бұл.
Солар менiң – жапырағым, өркенiм.
Оларсыз мен өрт жалаған өлкемiн.
Аман болсын – думан етiп аула iшiн –
асыр салып ойнап жүрген ертегiм.
асыр салып ойнап жүрген ертеңiм.
Кейбiр кезде –
таусылғанда шыдамы
елең етер әр дыбысқа құлағы.
Жалт-жұлт етiп құлдыраңдап жүр әне
ертеңiмнiң жарығы мен шуағы!
Шын айтамын,
келсең бақыт сезер ең,
сезер ең де жаман ойдан безер ең.
Шулап жатқан балалардың бақшасы –
ғажап әлем,
базар әлем,
мәз әлем.
Бұдан берiк бола алмайды қамалдар,
бұдан кең де бола алмайды алаңдар!
Көре тұра осы ғажап әлемдi
қалай мылтық атады екен адамдар?!
қалай бомба жарады екен адамдар?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Балалар бақшасында өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Балалар бақшасында өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Балалар бақшасында өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Балалар бақшасында өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері