Ызалы топ

Бұл бетте «Ызалы топ» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 24.06.2022
  • 0
  • 0
  • 620
Ызалы топ көрдiм.
Тiстерi –
Тас шайнағандай! –
Шықыр-шықыр етедi.
Сүйектерi сынып кетердей
Күтiр-күтiр етедi.
Өз сирағын өзi шайнаған
Қақпандағы қасқыр секiлдi.
Ендi сәл болса –
Оңбаған бiреулер үшiн! –
Құтырып кететiн
Албасты басқыр секiлдi.
Дегендерi болмаса
Не асылып қалардай,
Не шашылып қалардай.
Опасыз бұл дүниенi
Тергеп-тексерiп
Әбден ұққандай.
Қандарын iшiне тартқан,
Түстерi әлемтапырық
Көрден шыққандай.
Тiлдерi қып-қызыл! –
Жүректi өртеген
Шерге күйгендей.
Қолыңды созсаң,
Қолыңнан шап берiп
Көрге сүйрердей.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ызалы топ өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Ызалы топ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ызалы топ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ызалы топ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері