Абылай

Бұл бетте «Абылай» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Өзіңсің айбарым да, айбатым да,
Өзіңсің жігер, намыс, қайратым да.
Ақыл-ой, парасат пен пайым болдың
Санасқан орыс, қытай, ойратың да.

Қас жауға қол тигізбес тарпаң болдың,
Дос-жарға Сарыарқадай дархан болдың.
Халқыңа Алатаудай айбын болып,
Жеріңе Қаратаудай қалқан болдың.

Қайырмасы:
Елің үшін айқастың,
Жерің үшін шайқастың.
Уа, Хан ием, Абылай!
Ешкімнен де ықпадың,
Намыс туын жықпадың,
Маңдайдағы бағым-ай.
Теңіз құсап бұлқындың,
Найзағай боп сілкіндің,
Уа, Хан ием, Абылай!

Жатты ғой бүкіл дала назарыңда,
Көтердің елдің мұңын, азабын да.
Қолдаған ұрпақтарды әруағың
Орының алабөтен қазағымда.

Есімің кетті тарап бар ғаламға,
Рухың жанып тұр ғой әр жанарда.
Сен десе бүкіл қазақ қайраттанып,
Күшейіп кетеді ғой тау, далам да.

Қайырмасы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Абылай өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Абылай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Абылай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Абылай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері