Қыз-әлем – Ғабиден Қожахмет

Бұл бетте «Қыз-әлем» атты Ғабиден Қожахмет жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.04.2016
  • 0
  • 2
  • 5241
Түсіргендей бір сәуле түнге жарық,
Думан-нұрға қос жүрек бірге барып.
Махаббаттың шырағы маздады да,
Сала берді қыз-әлем гүлге оранып.

Жүрек-сырдан сезімнің ізде гүлін,
Шаттық әні естіліп бізге бүгін.
Жанарына бір жарқыл ілінді де,
Нұрландырды махаббат қыз көңілін.

Соның сазы оралып жыр тіліне,
Куә боп бақыт тұнған бір күніне.
Тез суынып, тез лаулар қыз-кеуденің
Шық тұрмасын ендігі кірпігіне.


Пікірлер (2)

Ақниет

Өте керемет

Нестисин

Кереметт

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қыз-әлем өлеңінің авторы кім?

Ғабиден Қожахмет — осы өлеңнің авторы.

Қыз-әлем өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қыз-әлем өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғабиден Қожахмет өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қыз-әлем өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері