Ізмұхамедке – Тұрмағамбет Ізтілеуұлы

Бұл бетте «Ізмұхамедке» атты Тұрмағамбет Ізтілеуұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 30.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1280
(Елдің ерекше ұлы, ілім иесі)

Ардақты Ізмұхаммед, інім саған,
Бір Алла беріп еді білім саған.
Ел біткен айтқаныңды екі етпей,
Қыздардай қиқарсып тұр қылымсыған.
Жан кеулін жабықтырмай жай қылған соң,
Бергей деп көп тілеп тұр жұрым саған.
Жігітке қара айналған бақ айналад,
Осы анық аңлауымда ырым саған.
Осы еткен әдетіңнен айрылмасаң,
Байтақ жұрт берер сақтап сүрін саған.
Білмесең бұдан былай жағдайымды,
Бұрыннан мәлім емес сырым саған.
Әлжуаз асылы нашар адам едім,
Баладай емізулі ыңырсыған.
Ағаңа әрқашанда назарың сал,
Анайы айтатұғын шыным саған.
Назымды көтеретін болғаннан соң,
Бермеске белім будым тыным саған.
Түртпейді түбі бірге деген үшін,
Баратыр батылсынып тілім саған.
Ішарат ақылы барға дегендей-ақ,
Аз ғана айтсын уәкіт ділім саған.
Таласпа талайлымен дегені рас,
Болғандар қор болып жүр қырын саған.
Қолынан келер нәрсе көрінбейді,
Суытып қарағанмен түрін саған.
Алдыңа келгеннен соң кеңес бітті,
Айтудың керегі жоқ мінін саған.
Түбінде таспен ұрғанды аспен ұрсаң,
Өшірер өмірінше үнін саған.
Қондырып басыңа алла бақтың құсын,
Қаратар бәрінің де күнін саған.
Қошемет көзін көріп айтқан емес,
Арман жоқ ұқсатса әркім ұлын саған.
Ете тұр әзіріне осыны ермек,
Аямас ағаң және жырын саған.

1933.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ізмұхамедке өлеңінің авторы кім?

Тұрмағамбет Ізтілеуұлы — осы өлеңнің авторы.

Ізмұхамедке өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ізмұхамедке өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрмағамбет Ізтілеуұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ізмұхамедке өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері