Сезім
Бұл бетте «Сезім» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сезімімді сергелдеңге түсірдім,
Сезінуден ұшықтым да, ұшындым.
Сезімімнен ұшық алдым, тұшындым,
Сезім, сенің құлыңмын да, құсыңмын,
Сезім, сені жаңа-жаңа түсіндім.
Кейде баймын, кейде саған қысырмын,
(Қысыр қалған кездерімде қысылдым).
Мәрт кезінде мерт кезі бар мысыңның,
Кейде сақсың сауысқаннан бетер сен,
Сезім, сені жаңа-жаңа түсіндім.
Кейде от қып, кейде күл ғып ұшырдым,
Кейде тікен, кейде гүл ғып ұсындым.
Айырмасы нәсілің мен түсіңнің
Айғағы емес нәпсің менен ісіңнің.
Сезім, сені жаңа-жаңа түсіндім,
Түсінгеннен өз-өзімнен қысылдым,
Қара тер боп суындым да ысындым.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі