Бұл бетте «Мінез» атты Тұрмағамбет Ізтілеуұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Адамдық іс өлеңі бармақ.
Күлімдеп қасын керіп келді жылым, Сұлудай ақық ерін, алтын тұлым. Көркейіп, көңілінен кетті кірбің, Көргенде кім де болса мұның түрін.
Дүниеге келгендерге мирас өлмек, Өлген соң, екі бастан, жоқ қой келмек. Соны ойлап өз-өзімнен қайнап, тасып, Қиялым көкірегімді кетті кернеп!
Қарағым, қатарыңнан көркем түсің, Ұнайды көңіліме де қылған ісің, Құлпырып байшешектей түрленесің, Берген соң ылайықтап құдай пішін.
Жаз болғаннан жадына ал, Алдыңдағы қысыңды! «Бақыт құс» қонса басыңа, Қадір тұт келген кісіңді!
Жасымнан назым сөзге шебер едім, Өзімнен шебер кім? — деп кебер едім. Әр түрлі хикая мен дастандардың Ширатқан шым жібектен көгені едім.
Болғанмен байтаққа бас, қоймас өлім, Наһан боп, шараң нешік, сарқылса өрің? Шаукатың шамадан тыс болғанменен, Үңірейген, өмір бітсе, ордан — көрің.
Хабарлама
INFO
Индира
Адамдық іс өлеңі бармақ.