Курстас достарды аңсау – Табылды Досымов

Бұл бетте «Курстас достарды аңсау» атты Табылды Досымов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.06.2019
  • 0
  • 0
  • 3651
Алматы баста мен үшін
Алатау алып асқар-ды,
Арайлы асқақ таңдармен,
Айнымас асыл достар-ды.
Сол Алатаудан бұл күнде
Бүйректе уыс тас қалды.
Сол достықтардан бұл күнде
Жүректе жетім жас қалды.
Алматы баста мен үшін
Әубәкір, Боря, Арманды,
Серікбек, Құлтеш, Жұмабай,
Қалдар боп сосын жалғанды.
Тауыса алмай алып арманды,
Атқызушы едік таңдарды,
Сол армандардың орнында
Шықпаған әзір жан қалды.
Сол Алатаудан бұл күнде
Бүйректе қалған тас қана,
Сол достықтардан бұл күнде
Жүректе қалған жас дара.
Алматыдан ба ластанған,
Адамынан ба мастанған.
Ауылдағы ақын мен түгіл,
Ат басын тартты-ау Астана...
Сендерден аңсай хат – хабар
Неше күн күттім,неше түн.
Дала-молаға жүгірмес
Қалалық бала «өсетін»...
Жұмабай, «Шалым» звондар,
Әубәкір тірі содан соң,
Жырына жалдап жан сырын,
Газеттен сәлемдесетін.
Достар-ау,елде енжармыз,
Нелер бітпеу де, не бітіп,
Сағыныштардың тек қана
Табылмайды екен емі түк ...
Алматыдағы арманды
Алатауына қосақтап,
Атырау аса көшкенде -
Кеңсайды кеткем кеңітіп ...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Курстас достарды аңсау өлеңінің авторы кім?

Табылды Досымов — осы өлеңнің авторы.

Курстас достарды аңсау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Курстас достарды аңсау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Табылды Досымов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Курстас достарды аңсау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері