Тоналу

Бұл бетте «Тоналу» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.06.2022
  • 0
  • 0
  • 643
Ешкiм әлi тоналған жоқ дәл мендей.
Бiттiм әбден,
дiңкем құрып өлердей.
Арғы-бергi дүниеде,
сенсеңдер,
ешкiм әлi тоналған жоқ дәл мендей.
Өзiмдi өзiм –
теңеушi едiм алауға,
Өзiмдi өзiм –
теңеушi едiм жалауға.
Ар-ұятсыз әлдекiмдер келдi де
түстiм сұмдық тонау менен талауға.
Өшiрем деп сенiң дауыс,
үнiңдi,
Қырқамын деп тамырыңды,
түбiңдi,
көмейiмдi өңешiммен суырып,
тонап алды дiнiм менен тiлiмдi.
Қалдым қатып сор даладай қақталып,
қалдым жатып сор маңдайдай тапталып,
ән-жырымды тонап алды сонан соң
жаным менен жүрегiмдi ақтарып.
Еңсенi езiп,
еңкейттi де бойымды
тонап алды мерекемдi,
тойымды.
Тонап алды ақылымды,
санамды,
тонап алды сезiм менен ойымды.
Ең сұмдығы,
шырқыратып жанымды,
тонап алды кеудемдегi шамымды, –
Содан берi бiлмей жүрмiн, –
сенделiп, –
жүре-тұғын,
бара-тұғын жағымды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тоналу өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Тоналу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тоналу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тоналу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері