Жаным - дала, көгінен бұлт арылмай – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Жаным - дала, көгінен бұлт арылмай» атты Фариза Оңғарсынова жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 02.03.2016
  • 0
  • 1
  • 10677
Жаным - дала, көгінен бұлт арылмай,
Батпан зілдер бассада жүр тарылмай.
Шідірлеулі көңілді зулат, жырым,
Баяғының құс қанат тұлпарындай.

Елтімейді қалғыған шаққа жаным,
Ұмтылыста жүйткуде бақ талабым.
Талма шақта, талықсып кетсем жырым,
Сен қақырат мəңгілік қақпаларын.

Жол - дария тұрмайды ағын ұрмай,
Жоғалма, жыр, жылдарға тамырың жай.
Дəуірлердің дауылы дақ салмаған
Ата-мұра қобыздың сарынындай.

Жүрек жазбай жұптасқан ғұмырласым,
Жыр-əуезім суарған мұңым, жасым
Ойсыздықтан өрекпіп, тойғандардың
Құлағына қайғы боп ызыңдасын.

Рақат түн, дырду мен дабыр қағып,
Жазылған жыр жүректің шамын жағып.
Елдігі мен ерлігі қалғығанды
Аттан салып оятсын дабыл қағып.

Дүниеден іздеумен нұрлы бесін
Талпыныстан танбаған жыр-күресім.
Адамдық пен адалдық семсеріндей
Жағымпаздың ту сыртын тілгілесін.

Зула, менің жыр-күймем шабыт жегіп,
Жер бетіне ғұмырлы жарық беріп,
Жүректердің құрсауын ағыт келіп,
Зорлықтардың зардабын шеккендерге,
Əділеттен сыбаға алып беріп!


Пікірлер (1)

Жанерке

Керемет рахмет

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жаным - дала, көгінен бұлт арылмай өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Жаным - дала, көгінен бұлт арылмай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жаным - дала, көгінен бұлт арылмай өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Жаным - дала, көгінен бұлт арылмай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері