Қайда, сол кездер?! – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Қайда, сол кездер?!» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.10.2020
  • 0
  • 0
  • 3470
Ішіме от толып кеткенде
Қарағайдың бұтағына
Қарыс боп қатқан мұзды
Омырып алып
Күтір-күтір
Шайнайтын едім.
Соның өзінде
Қызуым басылмай
Сақылдап
Қайнайтын едім.

Қайда, сол кездер?!

Әліне қарамай
Әлекке түсіп
Жабысқан біреулерді
Биттей сығып
Тастайтын едім…
Бүлік жоқ жерден
Бүлік шығарып
Қып-қызыл төбелес
Бастайтын едім.

Қайда, сол кездер?!

Құданың құдіретін-ай,
Жығылатын жерден жығып,
Ұтпайтын жерден
Ұтатын едім.
Қара бұлттардың
Қалыңына кіріп
Қып-қызыл найзағайларды
Бұтарлап сындырып
Жұтатын едім.

Қайда, сол кездер?!

Қиындық көрсем
Арқам қозып,
Өзімді-өзім
Қайта-қайта
Қайрап салатын едім.
Кермиық
Кербез аруларды
Аспанға алып қашып
Ақ бұлттардың ішінде
Ойнақ салатын едім…

Қайда сол кездер?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қайда, сол кездер?! өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Қайда, сол кездер?! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қайда, сол кездер?! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қайда, сол кездер?! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері