Ұясынан құлаған балапан туралы жыр – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Ұясынан құлаған балапан туралы жыр» атты Темірхан Медетбек жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 01.10.2020
  • 0
  • 0
  • 3327
Немерем Дат екеуміз
Көшеде келе жаттық…

Бір кезде
Алдымыздан
Секектеген
Бір балапан
Шыға келгені.
Ұясынан
Құлап кеткен-ау.
Секектеп-секектеп
Жырақ кеткен-ау…

Енді байқадық,
Дәл төбемізде
Балапанның анасы
Зар илеп
Шыр-шыр етеді.
Зар илеген даусы
Жүрек-жұлынды
Жұлқып,
Жұлқып өтеді.

Дат екеуміз
Байғұс балапанды
Ұстап алмақ боп.
Бауырымызға
Салмақ боп
Екі жақтан
Қақпайладық.
Кешқұрым болатын.
Сорлы балапан
Қалыңға кіріп
Жоқ болды.
Таппай қалдық.

Анасы әлі де
Дәл төбемізде
Шыр-шыр етіп
Зар илеп жүр.
Дауысынан –
Сай-сүйек сырқырайды.
Жан-жүрек шырқырайды.

…Бұл өмірде
Ұясынан айрылған,
Қанатынан қайрылған
Қаншама
Сарыауыз балапандар
Жоғалып кетті-ау.
Бұл өмірде
Ұясынан айрылған,
Қанатынан қайрылған
Қаншама
Қаракөз балақандар
Жер ауып кетті-ау…
Ойласаң –
Жан егіледі.
Қабырға сөгіледі.
Балапандарым-ау!
Балақандарым-ау!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұясынан құлаған балапан туралы жыр өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Ұясынан құлаған балапан туралы жыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұясынан құлаған балапан туралы жыр өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ұясынан құлаған балапан туралы жыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері