Бұл бетте «Бақытжанның амалы» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жүргенде ойын деп,
Ашқан ғой қарыны,
Бақытжан жейiн деп,
Алды уыс тарыны.
Асаймын дегенде,
Шашып ап, қысылды.
Апасы келгенде,
Ұрсарын түсiндi.
Термекшi боп өзi,
Байқады,
Болмады.
Не қылған көп өзi,
Жинала қоймады.
Сонан соң ең қызық
Амалды ол тауыпты.
Қойыпты тергiзiп,
Əкелiп тауықты.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі