Ертегi әлемiм

Бұл бетте «Ертегi әлемiм» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.06.2022
  • 0
  • 0
  • 919
Ертегi әлемiм!
Сенi еске алып ем
Күндей күркiреп,
Айдаhардай бүктелiп
Долданды тереңiм...
Көздi ашық-жұмғанша
Аяқтарына
Тас байлап жүгiрген,
Табандары тiлiнген
Желаяқтарым жетiп келдi.
Көлтауысарларың
Бiр шара қымыздай
Бiр көлдi басына
Бiр-ақ төңкердi.
Дәулерiм
Тауларды қақпақыл қып
Ойнап отырды.
Төбелерi бұлттардан асып
Бойлап отырды.
Отқа салса күймейтiн,
Суға салса батпайтын
Батырларым
Бұғауларын быт-шыт қып
Қаhарланып жеттi.
(Түңлiкпенен дем берген,
Түтiкпенен жем берген
Тұлпарларым
Тас қамауды
Тас-талқан еттi.
Отыз күн ойындар,
Қырық күн тойлар өттi...
Мен сонда қайраттандым.
Мен сонда айбаттандым.
Бойыма күшiм сыймай
Тасыған өзендей болдым.
Асу бермейтiн
Кезеңдей болдым.
Қарсы келгендi
Қақ айырып жайраттым!..
Сонан кейiн дамылдап
Найзағайлардың бұтақтарын
Отын қып сындырып
Қазан қайнаттым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ертегi әлемiм өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Ертегi әлемiм өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ертегi әлемiм өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ертегi әлемiм өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері